Trekk

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Қазгидромет» РМК 20 маусым күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күні Балқаш, Нұр-Сұлтан, Қарағанды,Теміртау және Шымкент қалаларында ауа ластануы ықтимал.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakstannyn-5-kalasynda-aua-sapasy-nasharlaydy_a3539888”