Trekk

Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасына коронавирустың әсері туралы пікір білдірді

06.02.2020 05:26


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасына коронавирус салдарының теріс әсеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://compromat41.com

«Қазіргі кезде коронавирус Қазақстанға залалын тигізбес үшін тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Егер де біздің қадамдар табысты болса, сондай-ақ осы проблемалардан құтылсақ, онда экономикаға салмақ түспейді. Дегенмен де көрші елдермен арадағы қарым-қатынастар тұрғысында радикалды шараларды қабылдауға мәжбүр болсақ (Қытаймен қатынастар бойынша), бұл қадамдардың белгілі бір деңгейде әсері байқалуы ықтимал», — деді Смайылов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол вирусқа байланысты туризм саласында тиісті деңгейде шектеулер орын алғанын еске салды.

«Белгілі бір дәрежеде туристік сапарлар шектелген, осы орайда аталған елге сапарға барудан уақытша бас тартуға кеңес бердік. Менің ойымша, бұл вирусты жұқтырып алу қаупінен сақ болу үшін біздің азаматтар осы кеңесімізге назар аударатын болады. Қытайдағы туризмнен тартылған табыс осы елдің экономикасына түседі. Егер біздің азамат онда бармаса, ақша елімізде қалады. Керісінше, бұл үрдіс Қазақстан үшін жақсы», — деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте Ә. Смайылов ел аумағында коронавирустың таралуына жол бермеуге бөлінген қаржы туралы айтып берді.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/alihan-smayylov-kazakstan-ekonomikasyna-koronavirustyn-aseri-turaly-pikir-bildirdi_a3611342”