Trekk

Алматы блокпостындағы оқиға: Күдікті 4 күн бұрын полиция қатарынан босатылған

09.06.2020 13:29


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы блокпоста болған жол апатына айыпты, бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Russiangate

«Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған. Жол апаты кезінде ол мас болған. Оны сот-наркологиялық сараптама көрсетті. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды», — деді полицияның баспасөз қызметінен.

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Күдікті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қайғылы оқиғадан соң ҚР ІІМ қалалық Полиция департаментінің 9 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 3 қызметкер лауазымынан босатылды.

Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.

Ал зардап шеккен үшінші полицей жақында ауруханада есін жиды.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық істің мән-жайын тергеуді Ішкі істер министрлігі өзіне алғанын мәлім етті.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almaty-blokpostyndagy-okiga-kudikti-4-kun-buryn-policiya-katarynan-bosatylgan_a3659701”